Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөлімінің «Балдәурен» бөбекжай-бақшасының 2023 жыл қорытындысы
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөлімінің «Балдәурен» бөбекжай-бақшасының 2023 жыл қорытындысы
Бөбекжай-бақшамыздың ең үлкен нәтижесі –«ҚР оқу-ағарту министрлігі білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылдың 24 қантардағы № 39 бұйрығына сәйкес бөбекжай-бақшамыз «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» талаптарына сәйкес мемлекеттік аттестаттаудан өтті.
Сонымен бірге педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру нәтижелері оларды аттестаттау және біліктілігін арттыру. Өткен оқу жылы бөбекжай - бақшамыздың педагогтері кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында 2022 жылы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін жүзеге асыру жағдайында музыкалық қызметкерлердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында 72 сағаттық курстан музыка жетекшісі М.Момбаева, «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында АКТ технологияларды қолдану бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында 72 сағаттық курстан психолог Л.Жарылқасын, «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзіреттілігін дамыту» тақырыбында дене шынықтыру нұсқаушысы Д.Кокжалбекова 72 сағаттық курсты оқып біліктіліктерін шыңдап келді. 2023 жылы «Мектепке дейінгі ұйымдағы менеджмент практикасы:балаларды дамыту бағдары» тақырыбында меңгеруші Ж.Тоганбаева «Назарбаев зияткерлік мектептері»ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығының 80 сағаттық көлемінде біліктілік арттыру курсынан өтті.
2023 жылы бөбекжай бақшасының әдіскері Г.Буркитбаева педагог-сарапшы, тәрбиеші Б.Орымбасарова педагог – модератор ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп, біліктілік санатын алды .
Сонымен қатар бүлдіршіндеріміз ата-аналарымен бірге аудандық байқауларға қатысып, тәрбиеші Г.Кодарова ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды. «Алғысым шексіз сіздерге» атты байқауда Д.Кокжалбекова, М.Шныбекова, Г.Кодарова, Б.Орымбасарова, Л.Жарылқасын І-дәрежелі дипломмен марапатталды. «Ойыншықтардың таңғажайып әлемі» атты байқауының ІІ-дәрежелі дипломымен тәрбиеші М.Шныбекова марапатталды. «Шымырлық пен шеберлік күні» байқауына қатысып, денешынықтыру нұсқаушысы Д.Кокжалбекова ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды. «Заманауаи дәстүрлі емес сурет салу техникасы» атты байқауына қатысып, психолог Л.Жарылқасын ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды. « Балалық шағымның шуақты биі» атты байқауының І –дәрежелі дипломмен музыка жетекшісі М. Момбаева марапатталды. «Әке көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер» атты облыстық байқауының ІІІ-дәрежелі дипломмен тәрбиеші И.Аманова марапатталды. «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» І-дәрежелі дипломмен әдіскер Г.Буркитбаева марапатталды. «Тәуелсіздік тұғыры» атты облыстық фестивальінің жеңімпазы Г. Буркитбаева, И.Аманова, Г.Якубжанова, М.Шныбекова, Б.Орымбасарова ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды. «Мектепке дейінгі үздік ұйым» атты байқауының жеңімпазы меңгеруші Ж.Тоганбаева ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.Облыстық «Ең үздік психолог»атты байқауының І-дәрежелі дипломымен психолог Л.Жарылқасын марапатталды.
Мемлекеттік басшысының тапсырмасы бойынша 1 қыркүйектен бастап балабақшаға баратын арнайы санаттағы 9 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында дабыл түймесі орнатылды.